Өзбекстанның бірнеше дүркін чемпионы пластикалық отадан кейін көз жұмды
Өзбекстанда семсерлесуден әлем чемпионы, халықаралық деңгейдегі төреші Аида Хасанова пластикалық операциядан кейін көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kun.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

39 жастағы спортшының денсаулығы 23 мамырда нашарлаған. Кейін дәрігерлердің шешімімен басқа ауруханаға ауыстырылып, кешке жансақтау бөлімінде көз жұмыпты.
Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Прокуратура тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр.
Аида Хасанова 1983 жылы Ташкентте дүниеге келген. Бірнеше дүркін Өзбекстан чемпионы, 2001-2006 жылдары Орталық Азия чемпионы, 2005 жылы Англияда халықаралық турнирдің алтын медаль жүлдегері атанған.
2014 жылы Өзбекстан тарихында алғаш болып семсерлесуден халықаралық төреші атанған.
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген
Алматылық зейнеткердің ForteBank депозитіндегі ақшасы екі рет ұрланған: Ол ақшасын 4 жылдан бері қайтара алмай жүр
74 жастағы зейнеткердің ForteBank-тің клиенті болғанына он жылдан асқан

