Өзбекстандықтар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек жібереді
Өзбекстан тұрғындары көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқына гуманитарлық көмек жинап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған көрші республикада тұратын жергілікті блогерлер, белсенділер мен қазақтар бастамашы болды. Жоғарғы Чирчик ауылының тұрғындары жүздеген литр өсімдік майы мен төсек-орын жабдықтарын жіберген.
Сондай-ақ, үрлемелі қайықтар, резеңке етіктер және жеке күтім заттары гуманитарлық көмек жинайтын орынға жеткізілді.
Айта кетейік, гуманитарлық жүк көлігі жұма күні Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылға жөнелтіледі. Сондай-ақ, белсенділер 60 миллион сомға жуық қаражат жинады, бұл - 2 млн 100 мың теңгеден асады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі