Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда сақал қойған ер адамдарға айыппұл салып жатыр

Өзбекстанда бетін толық бүркеп жүретін әйелдерге айыппұл салғандай, сақал қоятын ер адамдарға тыйым салынып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Жоғарғы соттың мәліметінше, Өзбекстанның бірнеше өңірінде сақал қойған ер адамдар жауапқа тартылды. 

Мұндай жағдай көбіне Джизак, Самарқан, Әндіжан және Ферғана облыстарында тіркелді.

Былтыр 31 қазанда қоғамдық орындарда медициналық көрсетілім негізінде жабылу немесе жол-көлік қозғалысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін киілетін арнайы бас киім киіп жүру жағдайларын қоспағанда, жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін дәрежеде бетін жауып жүретіндер үшін әкімшілік жауапкершілік туралы Кодекске түзетулер туралы заң қабылданды. 

Басылымның мәліметінше, заңды бұзғандарға 10-нан 15-ке дейін ҚДБ (3,4 миллионнан 5,1 миллион сумға дейін) айыппұл салынады. Қазақстандық теңгеге шаққанда бұл 2 миллионға жуық қаражат.

Сот қаулыларының деректер базасында әкімшілік жауапкершілік туралы Кодекстің184−4-бабында көрсетілген барлығы 789 іс бар. Аталмыш бап бойынша бірінші сот шешімі 23 қарашада шыққан.

Қырынудан бас тартқан ер адамдар бұзақылық жасады және полиция қызметкерлерінің "заңды талаптарына" қарсы шықты деп айыпталады.

Бұған дейін Өзбекстанда ер адам никаб кигені үшін қамауға алынған еді.

Талқылау