Өзбекстанда оқушы қыздарға мектепке орамал тағып келуге рұқсат етілді
Өзбекстанның ұлттық білім министрлігі оқушы қыздарға мектепке бастарына тақия мен орамал тағып келуге рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

“Біздің ұлттық құндылықтарды ескере келе, оқушы қыздарға бастарына ақ және ашық түсті орамал тағып немесе тақия киіп келуге рұқсат етіледі”, – делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, мұндай шешім ата-аналардан көптеп келіп түскен өтініштерден кейін шығарылған.
“Бұл ертең барлық оқушылар осылай келуі керек деген сөз емес. Егер оқушы қыздар орамал таққысы келмесе, оларды қинауға болмайды”, – дейді Өзбекстанның ұлттық білім министрі Шерзод Шерматов.
Айта кетсек, биыл Өзбекстанда оқу жылы дәстүрлі форматта басталды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр