Өзбекстанда Ми-8 әскери тікұшағы құлады
Өзбекстан қарулы күштеріне тиесілі Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу кезінде құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше экипаж құрамы көз жұмды.
"17 қарашада сағат 20:15-те "Қаттақорған" полигонында оқу-жаттығу кезінде Ми-8 тікұшағы құлады. Салдарынан тікұшақ экипажы көз жұмды. Қазір арнайы комиссия апаттың себебін анықтап жатыр", – делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігі марқұмдардың туыстары мен отбасы мүшелеріне көңіл айтты.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар