Өзбекстанда көшеде бетін жауып жүргендерге айыппұл салынады
Өзбекстанда қоғамдық орындарда бетін жабатын киім кигендерге айыппұл салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі МИР арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаза 30 базалық есепке жетеді, бұл 380 000 теңгеден асады.
Никаб, паранджа, т.б. жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киіммен қоғамдық орында жүргендерге 15-тен 30-ға дейінгі базалық есептік шамада айыппұл салуға әкеп соғады", – делінген Өзбекстан әділет министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұл туралы Өзбекстан заңнамасына енгізілген түзетулерге ел президенті Шавкат Мирзиеев қол қойды.
Бұған дейін Өзбекстанда бетін жапқандар мен некесін тек мешітте қиғандар жауапкершілікке тартылатыны айтылды.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен