Өзбекстанда қоғамдық шараларда тегін зат таратуға тыйым салынды
Өзбекстанда көпшілік жиналатын орындарда тегін зат таратуға тыйым салынды. Қаулыға Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сондай-ақ жарнама мақсатында өнімдерді тым арзан бағада сатуға шектеу қою көзделген.
Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жаңашылдыққа маусымның басында Ташкент саябағында болған келеңсіз оқиға себеп болған. Балаларды қорғау күні тегін ойыншық таратылып, мыңдаған адам бір-бірін таптап кете жаздаған еді.
Кептеліс кезінде жеткіншектер жарақат алды. Қоғамдық іс-шараларды өткізу ережелерін бұзғаны үшін сол кезде саябақтың директоры, оның орынбасары мен жарнама бөлімінің басшысы 15 тәулікке қамалды.
Еске салсақ, Астанада тегін таратылған раушанға таласқан жұрт бір-бірін таптап тастаған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"