Өзбекстанда ер адам никаб кигені үшін қамауға алынды
Өзбекстанда никаб киген азамат 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ташкент қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше бұған дейін полиция қызметкерлері Букин ауданының 21 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол базарлардың бірінде әйелдер киімі никабпен жүрген. Ұсталған кезде ол құқық қорғау органдарына қарсылық көрсетуге тырысқан.
Сот отырысы кезінде ер адам бала кезінен әйелдер киіміне қызығушылық танытып, никаб киіп жүргенін айтты.
“Сот ер адамды әкімшілік құқық бұзушылық үшін кінәлі деп тауып, 15 тәулікке қамауға алу және 10 базалық есептік шама (шамамен 130 мың теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады” – делінген хабарламада.
Никаб пен паранджа секілді бет-жүзін жауып жүретін әйелдер киіміне исламды ұстанатын бірқатар елдерде заңды түрде тыйым салынған. Атап айтқанда, мұндай шектеулер Өзбекстанда, Тәжікстанда, Индонезияда, Египетте және Тунисте бар.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады