Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан қаңтар оқиғаларынан кейін қамауға алынған азаматтарына қатысты Қазақстанға нота жолдады

Өзбекстанның Нұр-Сұлтандағы елшілігі Сыртқы істер министрлігіне нота жолдап, қамауға алынған өзбек азаматтары туралы толық ақпарат беруді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Юсуп Кабулжановтың айтуынша, Эльвира Азимованың қамаудағы шетел азаматтары туралы мәлімдемесінен кейін Өзбекстан министрлікке нота жолдаған.

"Осы фактіні нақтылау үшін Өзбекстанның Нұр-Сұлтандағы елшілігі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне Өзбекстан азаматтарының қамауда отырған орындары және ол жерге әкелу себептері туралы ақпарат беруді сұрап, тиісті нота жолдады. Сондай-ақ олармен елшілік қызметкерлерінің кездесуін ұйымдастыру туралы өтініш жасалды", – деді Кабулжанов. 

Министрлік өкілі Өзбекстанның Нұр-Сұлтандағы елшілігі, Алматы мен Ақтаудағы бас консулдықтары әр аймақтағы құқық қорғау органдарының өкілдерімен тұрақты байланыста екенін қосып өтті. 

Айта кетейік, Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Азимова қаңтар оқиғаларынан кейін елімізде 18 шетелдіктің тұтқында отырғанын, оларың 14-і өзбек азаматы екенін мәлімдеген еді. 

Талқылау