AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғаларынан кейін елімізде әлі 18 шетел азаматы қамауда отыр

Қаңтар басында Қазақстанда болған тәртіпсіздіктерден кейін 18 шетел азаматы тұтқындалған. Бұл туралы адам құқықтары бойынша омбудсмен Эльвира Азимова мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тәртіпсіздіктер

"Жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты тұтқындалғандар арасында қазір 18 шетел азаматы тергеу изоляторларында отыр. Олардың 14-і Өзбекстан, 2-і Ресей және тағы 2-і Қырғызстан азаматтары", - деді Азимова өз мәлімдемесінде. 

Сонымен қатар Азимова азаматтар қамауда отырған жабық мекемелердегі мониторинг нәтижесімен бөлісті.



"Азаматтар қамауда отырған бөлімдерде 6 қаңтардан кейін 48 сағат көлемінде ауыз су мен тамақ қолжетімсіз болған жағдайлар тіркелген. Мұндай мәселе мекемелерде ұсталғандар санының тым көп болуымен байланысты туындаған. Кейін жағдай қалпына келтірілді. 10 қаңтардан кейін тұтқындалғандарға үйден ақша алуға рұқсат берілді. Бүгінгі таңда тамақтану мәселесі дұрысталған, дегенмен тамақ сапасына қатысты бірнеше өтініш келіп түскен", - деп қосты омбудсмен.

Айта кетейік, тәртіпсіздіктерден кейін қамауға алынған қырғыз музыканты Викрам Рузахунов өзінің Қазақстанда азапталғанын, полицейлердің соққыға жыққаны туралы айтып берген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр