Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз-өзімнен аллергия": Қыз кез келген жағдайда терісі бөртіп кететін белгісіз ауруға шалдыққан

Ұлыбританиялық қыз белгісіз ауруға тап болған, оның терісі түсініксіз жағдайда ісініп, бөртіп кетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кенттен келген 20 жастағы Бет Цангаридес белгісіз ауруға тап болған. Оның терісі кез келген нәрсеге реакция беріп, бөртіп кетеді екен. Тіпті жыласа немесе күлсе, терісі ашып өртенгендей болады.

Оны жақындары "өз-өзіне аллергия" деп атап кеткен, себебі ол қандай да бір эмоционалды реакция тудырса немесе жағымсыз иісті сезсе, анафилактикалық шок алып, терісінде жаралар мен күйіктер пайда болады.

Қыздың денсаулығына байланысты проблемалар 15 жасында басталған. Бес жыл бұрын ол таңертең бетіндегі бөртпемен оянған, содан кейін жағдай ушыға берген.

"Ішегім мен бүйрегім жұмысын тоқтатты. Менің көңіл күйім мен әрекеттерім теріме немесе денеме қандай да бір жолмен әсер етеді. Мен тым көп күлсем де, жыласам да, қандай да бір эмоцияны бастан кешірсем, терім күйіп кетуі мүмкін", — деді Цангаридес.

Соның салдарынан қыз ұстамасы ұстап, жиі талып қалады екен. Сол үшін ол жұмыс істемейді әрі жақындары оған ерекше қамқорлық жасайды. Сонымен қатар Цингаридес өте қатаң диетаны ұстанады, өйткені кез келген тағам аллергиялық реакциясын тудырады.

18 жасында британиялық қызға постуральды ортостатикалық тахикардия синдромы диагнозы қойылды, бірақ қазір тері проблемалары бұған қаншалықты қатысты екенін тексеріліп жатыр.

Талқылау