Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз өміріңе қарап, ақыл айт": Жеңіс Ысқақова айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваны сынады

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова әлеуметтік желіде ақыл айтып, ақша табатын коуч-психологтарды сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

ADAL Adam Youtube арнасына сұхбат беріп, әйелдердің қоғамдағы орнын талқылады. 

“Біз әйелдің құқығын қорғаймыз деп өзінің әйелдік міндетін атқармайтын әйелдерді қорғап қоюымыз мүмкін. Тағы бір сұхбатымда “Әйел барған жерінің құлы болуы керек” деген сөзіме қаншама адам қарсы шықты. Олар сөз түбірін түсінбей тұр. Менің айтқым келгені, келін барған жерінің тәрбиесінен бастап, тазалығына дейін бойына сіңіруі керек. Отбасы құндылығы – сыйластық. Ер азамат өз міндетін, әйел өз міндетін атқаруы керек. Балаларға кішкентай кезінен тәртіпті, тәрбиені беретін – әйел адам. Отбасы құндылығы – ауызбіршілікте. Әйеліңе балаларымның анасы деп қара. Қазір әйелдерге түрлі ақыл айтқыштар көбейіп кетті. “Өзің үшін өмір сүр” деген ақылды өте көп естиміз. Әйел қалай өзі үшін өмір сүреді? Өмірге бала алып келдің бе, сенің өмірің, сенің жауабың осы балада. Баланың азамат болып өсуі, қыздың ұрпақ тәрбиелейтін ана болып өсуі – әйелдің қолында. Бала-шағаң үйде қарны ашып отырғанда, тапқан-таянғаныңды қалай үстіңе жабыстырасың?! Үстіңе жабыстырған жылтырақ, балаларыңның қарнын тойдыра ма?! Міне, таза топастық!”, – дейді әнші. 



Сонымен қатар, өнер иесі желіде ақыл айтып отыратын коуч-психологтарды да қатаң сынға алды.

“Өткенде бір жігіттің әлеуметтік желіден сөзін көріп қалдым: "Айнұр Тұрсынбаева деген ақын қызымыз бар ғой, ақын ретінде мен оны жақсы сыйлайтынмын, тыңдайтынмын. Сол ақын болып жүре беруі керек еді. Бір келіншек Айнұр Тұрсынбаеваның уағызын сатып алып, соны оқып, 60 мың теңгеге ішкиім сатып алыпты" дейді. Ұлы сөздің ұяты жоқ. Айтқан жігіттің әйелі мектепте мұғалім екен. "Соның ақшасын төлемей қарызға алыпты. Төлей алмай жүр" дейді. Жігіт "Айнұрды тыңдап, қымбат ішкиім кие ала алмайсыңдар, қымбат ішкиімді Айнұр киеді, ондайларыңды қойыңдар" дейді. Ұят қой, кім кімге ақыл үйреткендей қазір?! Біреуге "былай өмір сүр" деп айтудың алдында өзіңнің өміріңе қара. Олардың кеғестерін мен “уағыз” деймін. Ол неге уағыз айтып, әйелдерді жолынан адастырады?! Отырып алып, ешкімнің біреуге ақыл айтуға құқығы жоқ. Бірінші өзіңді жөндеп ал. Бір Айнұр ғана тиісті дүние емес", – дейді мәдениет қайраткері. 

Еске салайық, Жеңіс Ысқақова Ақтөбе өңірінің жолдарын сынағанын жазған едік. 

Талқылау