Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оюын әкем ойған": Тамара Асар бала күнінде киген сахналық көйлектерін көрсетті

Танымал әнші Тамара Асар бала күнінде киген сахналық киімдерінің тарихын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/

Өнер иесі 10-12 жасында киген көйлектерін көрсетіп, балалық шағынан сыр шертті. 

“Менің ұлттық киімге деген талғамым осы кісілерден бастау алады. Шеберлігім де ата-анамнан дарыған. Анам 10-12 жасымда киген көйлектерімді көрсетіп отыр. Тойдан әкелген маталарын сандықтан шығарып, маған көйлек тігіп беретін. Әкем оюын ояды. Оның бір жағын өзім ұстап отырушы едім. Сосын анам екеуміз көктеп жабыстырамыз. Одан кейін ауылдағы жалғыз ательеге барып, жиегін тігіп аламыз. Оны біз “әртел” деуші едік. Анам 1957 жылы үкітелпекті сахнаға киіп шыққан. Оны әкем екеуі қайтадан өңдеп, маған тігіп берді. Енді міне, қызым Ажар киіп тұр”, – деп жазды әнші. 



Еске салайық, өнер иесі құнды жәдігерлерді сақтауға әуес екенін жазған едік. 

“Үйленетін кезде жолдасымнан “ата-бабаңнан не қалды?” деп сұрадым. “Әкемнің аты жазылған кілем, балға мен балта, сосын анамнан қара қазан қалды” деді. “Қазан қарындасымның үйінде” деді. Жолдасым әулеттің үлкені болғандықтан, бүкіл құнды дүниелерді алдырттым. Қарындасының үйінен қазан да келді. Жақсылап жуып-тазалап, қолдануға болатын түрге келтірдім. Қазір тамақ істеуге қолданамын. Одан кейін 1829 жылы шойын болаттан құйылған үлкен қазан бар екенін айтты. Оны да алдыртып, биыл наурыз көже астық. Сенесіз бе, сол қазанға 5-6 жылдан соң 200 жыл толады. Үйде көп болмай, ән сапарға кеткенде “қазандарым орнында тұр ма?” деп сұрап қоямын”, – деген еді эстрада жұлдызы.  

Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/

Талқылау