"Ойбай, қиын болмады ма": Қазақша еркін сөйлейтін Франция азаматы жұртты таңғалдырды (видео)
Әлеуметтік желіде қазақ тілінде еркін сөйлеген француз азаматының видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Франция азаматына Қазақстан, атап айтқанда Қостанайдан Еуропаға көлікпен барған азаматтары кездесіп қалған. 11 мың шақырымды басып өткен қазақстандық туристерге Франция азаматы “ойбай, қиын болмады ма?” деп сұрақ қояды. “Қиын болды” деп жауап береді туристер.
Франция азаматы бұрын Қазақстанда 16 жыл бойы жұмыс істегенін айтады.
“16 жыл болдым. Петропавлда, Алматыда болдым. Франциядамыз. Жақсы сапар болсын”, – дейді әлгі азамат.
Желідегі пікірлерде шетел азаматын қазақ тілін білгені үшін жағымды пікірлер жазып жатыр.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"