Отты торнадо көтеріліп жатыр: Лос-Анджелесте өрт салдарынан қаза тапқандар саны 16-ға жетті
Лос-Анджелесте жел бағытын өзгертіп, өрт шығысқа қарай Брентвуд пен Энсиноға дейін жетті. Қаза тапқандар саны 16-ға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NBC News порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: видео кадрларынан скрин
Лос-Анджелестің алты аймағында жойқын өрттер 37 мың акрды (15 мың гектарға жуық) қамтып, бүкіл елді мекендер мен 12 мыңнан астам құрылысты қиратты.
Лос-Анджелес округінің шерифі Роберт Лунаның айтуынша, кем дегенде 13 адам із-түссіз жоғалып кеткен.
“Жоғалған адамдар туралы хабарлардың өртке қатысы бар-жоғы белгісіз”, – деді ол.
Осы уақытта куәгерлер қаланың үстінен отты торнадо көтеріліп жатқанын жеткізді.
Шошқа тұмауы Қазақстанға жетті: Неден сақтану керек
Дәрігер: "Қызу көтеріліп, бұлшықеттер мен буындардың ауырады"
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн