"Өткен заманның елесі": Жетісу облысының әкімі лауазымға тағайындалған соң өзімен тек көмекшісін алып барғанын айты
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қызметке командасымен бірге ауыспағанын айтып, өзімен тек көмекшісін алып келгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Бейбіт Исабаев командамен басшылық қызметтегі азаматтардың бәрі Жетісу облысының тумалары екенін айтады.
“Өзіммен бір адам алып бардым, сенат депутаты болып жүргенде бірге жұмыс істегем. Басқа бірде-бір адам алмадым. Басшылық құрамдағы барлық адамдар – Жетісу облысында тұрған азаматтар. Орынбасарым, аппарат басшысы еңбек жолын Жетісу облысынан бастаған, кейін мансабы бойынша Алматы, Астанаға ауысқан. Кейін кері шақырып алдым”, – дейді ол.
Облыс басшысы командалық жұмысты өткеннің елесі деп атады.
“Тіпті, менен басқа Алматы облысында туған адам жоқ. Әкімдер де сырттан келген жоқ, бәрі жергілікті кадрлар. Командалық деген өткен заманның елесі, оны ұмыту керек. Мен ондайға бармаймын”, – деп қосты Исабаев.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады