AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Отын бағасы қымбат, субсидия жоқ": Түркістандық шаруалар әкімдікте жиналды

Түркістан облысының 400 шақты фермері әкімдіктің алдына жиналды. Жиылған қауым жаңадан келген облыс әкімі Дархан Сатыбалдыға шағымдарын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме беріп.

түркістандық шаруалар

Сурет: 31 арна түсірілімінен скриншот

Наразы диқандар дизель отыны, көмір бағасы қымбат екенін айта отырып, ауыл шаруашылығындағы қиыншылықтар, тыңайтқыштар субсидициясының жеткізіліксіздігін баяндады әрі мақта егушілердің мәселесін шешуді талап етті.

Түркістандықтар облыс әкіміне нақты 7 мәселені атады. Негізгілері - мақта бағасы, тыңайтқыш субсидиясы мен дизель отыны, көмір жеткізу мәселесі, сонымен қатар мал шаруашылығында былтыр субсидиядан қағылған 400 шаруа бар деп отыр. 

“1 500 гектар жер жылыжай бар. Сол жылыжайларда бүгінгі күні 1 килограмм көмір жоқ. Яғни өнім болмауы мүмкін. Өнім шықпаса,  қызанақ, қиярдың, басқа да өнімдердің қымбаттайды, - дейді ”"Shopan-ata" агроқозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбай.

Әкімдікке жиналған шаруалар мақтаның бағасы төмен, жұмсалған шығынды өтемейтінін атап өтті. Тыңайтқыштар былтырғыдан 2 есе қымбаттады дейді. 1 килограмм ұрықтық шитті мақта 1 400 теңгеге, селитра 300 теңгеге сатылады. Оған су ақысы,  дизель отыны, зиянкестерді жоятын химиялық дәрілер қосылады. Шаруалардың айтуынша, мұндай баға шығынның үштен бірін де өтемейді.

Наразылық білдірген халыққа әкім өз жауабын берді.

“Мақта зауыты иелері барлығы сияқты жекеменшік. Олар қазір "уақыт керек" деп айтады. Сонымен қатар, көрші елдегі қақтығыстарға байланысты бүкіл логистика бұзылды. Десе де 200 мың шамасында аванс берілді” – дейді ол.

Шаруалар мақташы қауымды қолдайтын ұйым жоқ екенін алға тартты. Мысалы, бидай өнімдері бойынша "Азық-Түлік-Келісім-Корпорациясы" ұйымы бар, мақта өнімі бойынша да қажет дейді. Мамандар аймақтардан келген шаруалардың сұрағы назарсыз қалмайтынына уәде берді.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр