Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасылық ойын-сауық нышаны: Discovery Borovoe балаларды сауықтыру орталығынан жетекші демалыс орнына қалай айналды?

Бурабайдың әсем табиғатында орналасқан Discovery Borovoe -  бүкіл отбасының қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын бірінші дәрежелі қонақүй демалыс кешені. Jusan Bank-нің қолдауының арқасында аталған кешен өзінің мақсаттарына қолжеткізіп, қызметтердің кең ауқымын түрлерін ұсыну арқылы келушілердің көңілінен шығып үлгерген. 


Discovery Borovoe не ұсынады?

Discovery Borovoe орталығының директоры Елена Барановскаяның айтуынша, демалыс кешені отбасы мүшелеріне қызмет көрсетуді басты құндылық деп санайды. Орталықта балаларға арналған 16 мастер классқа арналған алаңдар, 4 қонақ үй, аквапарк, спа орталық, медициналық орталық пен жалға беру кешендері бар. 

“Мұнда келуші қонақтар естен кетпес естеліктер қалдыратын әртүрлі қойылымдар мен баурап аларлық керемет шоуларды тамашалай алады. Ал табиғатты зерттеуді ұнататындар үшін тақырыптық турлар қоршаған аймақтың табиғи ғажайыптары мен мәдени мұрасын ашуға мүмкіндік береді”, – дейді Елена Барановская.

Оның айтуынша, Discovery Бурабайда келушілердің денсаулығы пен сауықтыруға басымдылық берілген, мұнда арнайы медициналық бөлімше СПА-профилактикалық процедураларды ұсынады. 

“Жыл мезгілдері өзгерген сайын Discovery Borovoe демалыстарын соған сәйкес бейімдеп отырады. Қыс айларында қонақтар мұз үстінде ролик пен коньки тебеді. Экстримді ұнататындар үшін арқандар паркі күні бойы ашық. Ал жазғы аптап кезінде үлкен аквапаркте шомыла алады. Жастармен қатар егде жастағы кісілер де әртүрлі іс-шараларға қатысып, аттракциондарда көңіл көтере алады”, – дейді орталық директоры. 

Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келеді

Елена Барановская Discovery-дің тарихы 2003 жылы Қатыркөл көлінің қарсы жағасында әйгілі "Орленок" лагерінің базасында "Континент балаларды сауықтыру орталығы" құрылған кезден басталғанын сөз етті. Айтуынша, балалардың демалыс орны ретінде құрылған бұл орталық тез танылып, ақырында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жастар келетін болған.

“Бұл жер туралы мақтаулар көршілес елдердің назарына да ілікті. Ресей мен Украинадан келген мектеп оқушылары қазақ жастарына қосылып, "Континент" балалар орталығында демалысын өткізді. Ақырында бұл жер әртүрлі мәдениеттердің нүктесіне айналып, әртүрлі балалар достық қарым-қатынас орнатып, құнды дүниелер жасау үшін бас қосатын мекенге айналып үлгерді”, – дейді Елена Барановская. 

Сондай-ақ орталық директоры 2006 жылы "Континенттің" өсуімен қатар, әйгілі Discovery орналасқан аумақта тағы бір "Простор" балалар лагері өз жұмысын бастағанын тілге тиек етті. Уақыт өте келе "Континент" те, "Простор" да дамып, демалыс сапасын жақсарту үшін жаңа идеялар мен инновацияларды енгізген. Алайда қауіпсіз, қамқор және көңілді ортаны қамтамасыз етуге баса назар аудару өзгеріссіз қалыпты. 

"Шаттық елі": Отбасылық ойын-сауық пен қонақжайлылықтың нышаны

Сонымен қоса Елена Барановская бүгінгі күні Discovery отбасылық ойын-сауық пен қонақжайлылықтың нышаны болып саналатынын айтады. Оның сөзінше, қонақ үй кешені Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар халықаралық туристер арасында да үлкен беделге ие болып үлгерген. 

“2011-2019 жылдар аралығында Discovery балалар лагері "балалық шақ елі", "шаттық елі" және "балалардың күлкі алаңы" деген атаққа ие болды. Бұл жас жүректер рахаттанып, шексіз естеліктер сыйлайтын жерге айналды. Discovery-де балалардың демалысы іс-әрекеттер, жаттығулар мен спорттық ойындар туралы дәстүрлі түсініктерді бұзды. Бұл бастаманың өзегі балалар медиа орталығы, шығармашылық және өзін-өзі көрсету орталығы болды. Оның қабырғасында өз газеттерін шығарып, жанға жақын әндер шығаратын жас таланттар пайда болды”, – дейді Елена Барановская.

Балалар өмірлік дағдыларға үйренеді

Барановская Discovery кешенінің балаларға өзін-өзі басқару және тәуелсіздік саласымен таныстыру арқылы оларға маңызды өмірлік дағдылар сыйлағанын сөз етті. 

“Жыл сайын балалардың қызығушылықтарын тудыратын, көкжиектерін кеңейтетін және жасырын мүмкіндіктерді ашатын жаңа бағдарламалар пайда болып отырады. Сонымен қатар кешен консультативтік мектепте қызмет ететін адал педагогикалық ұжымымен мақтана алады. Бұл тәжірибелі педагогтар ондаған кеңесшілерге жетекшілік етіп, оларға тәлімгерлік және көшбасшылық бойынша тәжірибелерін шыңдау үшін қолайлы орта ұсынып отыр”, – дейді ол. 

Discovery – Borovoe ұйымында аниматор-тренер болып жұмыс істейтін Александра өзінің міндетіне қонақтарға қуат пен жағымды көңіл-күй сыйлау кіретінін айтады. 

"Күні бойы біз қуыршақтардың киімін киіп, шеберлік сабақтарына барып, би билеп, түрлі бағдарламаларға қатысамыз. Жалпы, күні бойы билейміз десем қателеспеймін. Мен өз жұмысымды өте қатты жақсы көремін және оны мақтан тұтамын", - дейді Александра.

Балалар сауықтыру орталығынан жетекші демалыс орнына дейінгі жол

Осы тұста орталық директоры Discovery өз жобаларын Jusan Bank-тің қолдауымен  жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын сөз етті.

“Банктен алынған қаржыландырудың арқасында қолжетімді болған айтулы жетістіктердің бірі – балалар ойын бөлмесін жөндеу. Жаңартылған ойын бөлмесі қуанышты сәттер әкеліп, жас саналарды оятатын мекенге айналды. Jusan Bank-тің қолдауымен Discovery барлық қонақтар үшін жайлылық пен қолайлы ортаны қамтамасыз етіп, орналастыру орындарын жаңартты. Модернизацияланған қонақ үй ғимараты отбасылар демалып, ұмытылмас естеліктер сыйлайтын үйге айналды”, – дейді Елена Барановская. 

Оның сөзінше, біртұтас сауықтыру жөніндегі өз міндеттемелерін жалғастыра отырып, Discovery келесі жылы СПА ашуды жоспарлап отыр. Бұл қызмет қонақтарға жасартатын ем-домнан ләззат алуға, тыныш ортада демалуға және релаксация өнерін меңгеруге мүмкіндік береді. 

“Бұл жобаларды жүзеге асыру Discovery мен Jusan Bank арасындағы жемісті серіктестіктің дәлелі. Олардың ортақ көзқарасы мен адалдығы айтарлықтай жаңаруға, жалпы тәжірибені арттыруға және Discovery деңгейін жаңа биіктерге көтерді. Jusan Bank-тің үздіксіз қолдауымен Discovery қуаныш, демалу және ұмытылмас сәттерді іздейтін отбасыларға тиімді демалыс сыйлай отырып, алға қойған мақсаттарына жетуді жалғастыруға дайын”, – дейді орталық директоры. 

Айта кетсек, үш жылда Jusan Bank қазақстандық ШОБ секторын 1 трлн теңгеге қаржыландырды. Соның арқасында елімізде 175 мың жаңа жұмыс орнын ашу мүмкін болды.

 

Талқылау