"Отбасы құрғанымызға – 5 жыл": Айнұр Тұрсынбаева неке қиған күнін есіне алды
Танымал айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева жолдасы Нұржан Иманәлиевпен некелескен күнін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/
Өнер иесі Ыстамбұл қаласында тұрып жатыр.
“Бүгін біздің отбасымызға – 5 жыл. 2019 жылы 9 маусымда некеміз қиылған. Нұрекеңнен “Бүгін қандай күн?” деп сұрамаймын ба, сөйтсем “Жексенбі ғой” дейді. Ал мен бүгін не сыйлайды екен деп ұйықтамай шықтым”, – деп жазды айтыскер ақын.
-
"Құны – 2 миллион теңге": Айнұр Тұрсынбаева туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті
-
Балғынбек Имашев Айнұр Тұрсынбаеваға: Күйеуің сенің жылан екеніңді білмей жүр
Айта кетейік, айтыс өнерінің майталманы күйеуінің қандай адам екенін айтқан еді.
“Жолықсаң біздің елдің тентегіне,
Өмірдің қарамайды келтеңіне.
Досына жалғыз атын сойып беріп,
Қалады жүген ұстап ертеңіне…” деген өлеңді бәріңіз білесіздер ғой. Осы өлең тұп-тура Нұрекеңе арналған ба деп қалам… Өзі дүкен аралап киім алғанды жақсы көреді, бірақ ертесіне соның бәрін таратып жіберетіні қиын. Қалтасындағы соңғы тиынын садақаға беріп жіберіп, “Алла жеткізеді” деп күліп қойып жүре береді. Тағы бір ерекшелігі Алладан басқадан қорқу дегенді білмейді. Жаны жомарт, аңғал, ақкөңіл деген теңеудің бәріне лайық, әлхамдулиллах!”, – деп жазған еді Айнұр Тұрсынбаева.
Бұған дейін Айнұр Тұрсынбаева күйеуінің тосынсыйын көрсетіп, елді күлкіге қарық қылған еді.