Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық психолог сүндетке отырғызудың бала психикасына әсерін баяндады

Ер адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі сүндеттеліп, пайғамбар сүннетін орындау десек, қателеспейміз. Ұлы бар әр қазақ ата-баба дәстүрінен аттамай, бұл рәсімнің барлық талаптарын сақтауға ұмтылады. Алайда сүндетке отырғызудың барлығы қуанышпен аяқтала бермейді. Психолог Жанат Біржанова Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілішісіне осы дәстүрдің маңызын және осы процедурадан қандай жағдайда бала психикасына зақым келетінін айтып берді.

Отандық психолог сүндетке отырғызудың бала психикасына әсерін баяндады

Медициналық зерттеу жұмыстарының арқасында сүндеттелген ерлердің жыныстық ауруларға сирек шалдығатыны белгілі. Сонымен қатар, гигиеналық тұрғыдан да іріңді микробтардан сақтану үшін де сүндет жасату қажет.

“Халық сүндетке отырғызу дәстүрін жайдан-жай ойлап тапты  деп санамаймын. Бұл ержүректілікке қарай жасалатын батыл қадам. Процедура кезінде ұл баланың психикасында физикалық ауруды жеңіп шығу түсінігі пайда болады. Бұл түсінік оның батыл екенін ұғындырады. Ол мен бәрібір де осы аурулық сезімді және қорқынышты қайтсем де жеңіп шығамын деп ойлайтын болады. Қолайсыздық  пен қорқынышқа ер адам өмір бойы төтеп беруі керек. Сондықтан психологиялық тұрғыдан осы дәстүр өте маңызды деп айта аламын.

Процедурадан оның психикасына зақым келмейді. Оның үстіне ол әкесінің де, көкесінің де осы кезеңнен өткенін біледі. Үлкендер оны кішентай күнінен-ақ дайындап, барлығын түсіндіреді. Сосын біздің қоғамда бұл іс үлкен ерлікпен теңестіріледі. Сүндетке отырғызу баланың ер адамдадың жолына тұруында, дамуында маңызды кезеңді қамтиды. Осы дәстүрден соң ол өзін нағыз ер азамат сынды ұстай бастайды”, — дейді психолог.

Кейде сүндетке отырғызудың маңызы бұрыс болған соң, бала психикасы зақымдалады екен. Сондықтан дәстүрді атқармас бұрын, оған барлығын дұрыс түсіндіріп, сүндеттеу рәсімін мейраммен байланыстырған жөн.

“Бала кейде дәрігерден немесе сүндетке отырғызатын процедураны жасайтын адамнан қорқып қалып, зақымданатын дара жағдайлар бар деп ойлаймын. Мұндай жағдайда процедураның маңызы негативті болған. Алайда әдетте адамдар балаға сүндетке отырғызуды мейрам түрінде көрсетеді. Жігіт болдың деп құттықтайды, сыйлықтар, ақша сыйлайды. Осы кезеңнен бастап ол әкесіне жақындай түседі. Бұл кезеңнен өтіп, жігіт атану бала өміріндегі ең маңызды дүние”, — деп түйіндеді Жанат Біржанова.

Қазақта ертеден ұл бала ат құлағында ойнайтын күнді тағатсыздана күткен. Алты алаштың басын қосып, қуанышты атап өту үшін дүркіретіп той тойлаған. Дін бойынша сүннет саналатын дәстүр бүгінгі күні бұзылмай, келер ұрпаққа сақталып қалуы керек.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

 

Талқылау