Шоу-бизнестегі бэби-бум: Қазақстандық жұлдыздардың балаларына қойған ерекше есімдері
Балаға жақсы есім қою – ана-ананың міндеті. Адамның есімі оның бүкіл тағдырына әсер ететіні жиі айтылып жүр. Осы орайда 2023 жылдың соңы мен жаңа жылда елге танымал шоу-бизнес өкілдері балаларына қандай есім қойғанын Stan.kz ақпарат агенттігі тізіп көрді.
Фотолар шоу-бизнес өкілдерінің жеке парақшаларынан алынды
Өнерден алшақтап, дінге бет бұрған Айдана Меденова үшінші рет ана атанды. Айтуынша, жолдасымен ақылдасып, перзентіне Ханифа деп ат қойған. Жеке парақшасында есімнің мағынасын да айтты.
“Шын мәнінде сенім білдіруші, Аллаһтың бірлігін уағыздаушы, парасатты адам” деген мағына береді”, – деп жазды экс-әнші. Фото: https://www.instagram.com/aidanamedenova_officialpage/?hl=ru
Халыққа дәстүрлі ән өнері арқылы танылған Өмірқұл Айниязовтың үйінде де сәби үні естілді. Әншінің екінші ұлы дүниеге келді.
“Осыдан 3 жыл бұрын ғана Нұртуғанды берген Аллаға шүкірлік етіп, Алла басыма осы бір ұлды ғана жазған шығар. Енді келін алып, немере сүйерміз деп жүр едім. Алланың құдіретін қараңызшы, Айсониді беріп артынан Айсұлтанды ертті. 25 жылдан кейін екінші мәрте ұлды болдым. Айсұлтаным ғұмырлы болсын!”, – деп жазды өнер иесі.
Фото: https://www.instagram.com/omirkul_ainiyazov/
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, “Құрмет” орденінің иегері Алтынай Жорабаева 45 жасында бесінші қызын дүниеге әкелді. Көпбалалы ана қызының есімін дұрыс жазуды өтінген еді.
“Неге біз біреуді түзегіміз кеп тұрады?! Құжат бойынша да, былай да Амина Алишерқызы. Әмина емес. 13 жыл бұрын Көркемімді босанған едім. Аминамен бірінші рет босанған сияқты болып жүрмін”, – деп жан сырын ақтарды.
Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/
Қазақ демографиясына үлес қосқан жұлдызды жұптың бірі – Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай. Олар тұңғыштарына ерекше есім берді.
“Ұлды болдым. Бойы – 49 сантиметр, салмағы – 2900 грамм. Аты – Зейін. Оқапов Зейін Әлиұлы. Анам "атын өзің қой" деді. Көп ойланбай, перзентханадан шығармай тұрып, екі күн бұрын осы есім ойыма келді. Болашақта зейінді азамат болсын деп ырымдадым. Бастысы өзіме ұнайды”, – дейді әнші.
Фото: https://www.instagram.com/aliokapov/
Отандық кино саласының жұлдызы, актер Мейірғат Амангелдин де жаңа жыл басында ұлды болды. Қуанышты жаңалықты актердің жұбайы жариялады.
“Мейірғаттың кинодағы алғашқы рөлі "Қазақ хандығы" филімінен бастау алғанын көбіңіз білесіздер ғой. Сол кезде ұлым болса, Қасымхан қоямын деген ниеті болған. Сол ниеті қабыл болды. Алла сағындырып, арман етіп, баланың қадірін ұғындырып берген ұлымыз – Қасымхан Мейірғатұлы. Үйіне аман-есен келді, – деп жазды Арайлым Амангелдина.
Фото: https://www.instagram.com/amangeldina_arailym/
Елімізде миллионер блогерлердің көшін бастап тұрған блогер, кәсіпкер Дархан Жолшыбековтің шаңырағына кестетігер дүниеге келді.
"Қош келдің, қызым! Дарикорн, рақмет саған. Баршаға жұғысты болсын! Әлеуметтік желіден жоқ болып кеткенімнің себебі – осы. Босану процесіне қатысып, қызымды бірінші өзім көрдім. Кіндігін кестім. Құттықтап жатқан жандарға рақмет!", – деп жазды ол. Алайда қызының есімін жарияламады.
Фото: https://www.instagram.com/daricorn.rr/
Ел аузында “Жыл жұбы” атанған Ерке Есмахан мен Райым да ата-ана атанды. Қос әнші “Бұл махаббат” әні арқылы сәбилі болатынын жариялаған еді.
“Альхамдулиллях! Қош келдің, ұлым!”, – деп жазды cәбидің әкесі. Өнерлі отбасы ұлдарының атын Ислам деп қойды. Бүгінде жұлдызды жұп Мальдив аралдарында демалып жатыр.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Талай хит әндердің орындаушысы, сазгер, әнші Серік Ибрагимов те үшінші рет әке атанды.
“”Аллаға сансыз шүкір! Сүйінші! Мен үшінші рет әке атандым! Баршаңызға жұғысты болсын! Қабырғам, сен батырсың! Ұлды болдым!
Баланың атын кім деп қоямыз енді? Біз әлі ойланбадық. Мүмкін оқырмандарым ұсынған атты қоярмыз”, – деп жазды өнер иесі.
Фото: https://www.instagram.com/ibragimovserik/
Белгілі ақын, сазгер, тіл маманы, талай хит әндердің авторы Серікзат Дүйсенғазының шаңырағында да сәби үні естілді. 2023 жылдың басында 16 жастағы ұлы Әлихан кененттен қаза болған еді. Қайғылы оқиғадан тоғыз ай өткенде ақынның шаңырағына атұстар дүние есігін ашты.
“Балаларының атын елімізге белгілі тұлғаларға қойдырамын. Осы жолы да Дихан Қамзабек “Әлиханның інісі Әлімхан болсын! Бұл есімнің мағынасы да, тарихи маңызы да терең" деді. Ағамның салмақты сөзіне тоқтадым”, – дейді ақын.
Фото: ашық дереккөз
Отандық киноиндустрияны дамытып жүрген Қуаныш Бейсек те қазақ демографиясына үлес қосты. Жары, актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай дүниеге ханшайым әкелді. Жас отбасы кішкентай бөбекке Ғайнижамал есімін берген. Еске салсақ, режиссер танымал актрисамен 2023 жылдың 25 сәуірінде некелерін қиған еді.
Фото: https://www.instagram.com/kukabeisek/
Танымал блогер, кәсіпкер, журналист Айсәуле Бақытбек те екінші мәрте ана атанды. Блогердің үлкен қызының есімі – Сафия.
“Алиша, Сәтті, Ділдә, Алсу, Алма есімдерінен “Сәттіні” таңдадым. Өте бақытты жанұямыз”, – деп жазды Айсәуле.
Фото: https://www.instagram.com/aissaulebakytbek/