Бахтиёр Зайнутдинов Қазақстан үшін маңызды матч алдында ауыр жарақат алды
"Бешиктас" тобының қазақстандық жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов Түркия чемпионатында Ыстамбұлға қарсы ойында ауыр жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысын бірінші таймның соңында қарсылас ойыншы Джером Опокун шынтағымен бетінен ұрып қалған. Футболшы ауруханаға жатқызылды.
Кейін "Бешикташ" Instagram желісінде жарақат алған Зайнутдиновтың суреті жарияланды.
"Бахтиёр Зайнутдиновтың мұрны сынған. Сірә, оған ота жасалуы мүмкін. Ойын кезінде қарсыластың шынтағы тиген. Оның көзі көрмей бастады. Көзінен қан аға бастады", – деді команданың бас бапкері Рыза Чалымбай.
Бахтиер үшін бұл – Түркия чемпионатындағы оныншы ойын.
Алда Қазақстан құрамасы үшін Еуро-2024 маңызды матчы болады. Ал Зайнутдиновтың жарақатынан кейін оның бұл матчқа қатысу ықтималдылығы аз.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан