Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өскесін тастап кетеді": Блогер Айжан Байзақова бала үшін өмір сүрмеуге кеңес берді

Атышулы Айжан Байзақова оқырмандарымен сырласып, отбасылық сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/

Блогердің айтуынша, ерлі-зайыпты балалары өмірге келгеннен кейін, өздерін жақсы көруді ұмытады екен.

"Менің балаларым өскесін, мені тастап, өзінің сүйгеніне кетіп қалады. Ал мен қалған өмірімде балаларым үшін жақсы көрмейтін адамыммен тұрғаным үшін өкініп қала беремін. Мен мұны өз тәжірибемнен білемін. Менің ата-анам балалары үшін өмір сүрді. Мен олардың бірін-бірі жақсы көргенін көрген жоқпын. Сондықтан мен ерлі-зайыптылар бірін-бірі жақсы көре алады дегенде сенбегенмін. Бұл маған мүмкін емес дүние болып көрінетін. 
Балаларыңыз кейін осындай мәселеге тап болғанын қалайсыз ба?! Бала үшін өмір сүріп керек емес, өтініш. Балалар үшін жай ғана бақытты болуға болады", – деп жауап берді блогер.



Сонымен қатар желі жұлдызы әйелге қол көтеретін еркектерді кешірмеу керек екенін айтты. 

“Еркек әйелге қол көтерген күні еркек санатынан шығады. Ешқандай ақтап алудың қажеті жоқ. Оданда кеткеніңіз дұрыс және кешірім бермеңіз.Таңдау тек өзіңізде. Тек өзіңіз ғана тағдырыңызға жауап бере аласыз. Ол сізге қиын болуы мүмкін бірақ шындық осы. Кетіп қалған кезде қайтып келуді ойламаңыз”, – деп кеңес берді желі жұлдызы. 

Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/

Еске салайық, Айжан Байзақованың күйеуін көлік қағып кетіп, бір өлімнен аман қалғанын жазған едік. 

Талқылау