Өскемендіктер жолдағы шұңқырларға қала әкімінің суретін орнатып жатыр
Өскемен қаласының тұрғындары жаңа челлендж бастап, қала әкімі Жақсылық Омаровтың суреттерін жолдағы шұңқырларға орнатып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жөнінде белсенді Насима Қорғанбекова Facebook парақшасында жазды.
"Өскеменде жолдағы ойық-шұңқырларға қала әкімі Жақсылық Омардың суретін қою челленджі басталды. Бұл – билік назарын аудартуды көздейтін шара. Челлендж ұраны – "Ең дұрыс жөндеу – Омарды қызметінен кетіру"
Осының барлығы бүкілхалықтық референдум қарсаңында болып отыр. “Жарайсың, ШҚО. Қанекей, тағы да!" – деп жазды белсенді.
Естеріңізде болса, бұған дейін Жақсылық Омаровқа қатысты желіде даулы видео пайда болған еді.
Желіде жарияланған видеода тоғыз қара нәсілді ер адам Жақсылық Омардың ең жақсы әкім екенін айтып ән салады. Артынша олардың бірі әкімнің суретін сүйеді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді