Өскемендегі қоқыс жәшігінен әйел адамның денесі табылды
Өскеменде әйелді өлтіріп, оның денесін қала көшелерінің біріндегі қоқыс жәшігіне лақтырып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қорқынышты олжа туралы хабарлама полицияға 7 қазанда келіп түсті. Полиция әйелді пәтерлердің бірінде бірге ішімдік ішкен екі серігі өлтірді деген қорытындыға келді.
Пайда болған жанжал кезінде еркектердің бірі әйелді тұншықтыра бастаған. Әйел есінен танып қалғанда, олар келіншекті өлдіге балаған. Ол қорқып, өзінің құрбанын төртінші қабаттан лақтырып жібереді. Содан кейін мәйітті қоқыс жәшігіне жасырған.
Қазіргі уақытта бұрын сотталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Әйелді өлтірді деген күдіктілер сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар