Өскеменде жоғалып кеткен 12 жасар бала табылды
Өскемен қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен бала табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, бала шұңқырға құлап кетіп, шыға алмай қалған. Оны полиция қызметкері Тілек Ерлібеков тапты.
"Іздестіру шаралары барысында 12 жастағы бала ТМК көпірінің маңындағы шұңқырдан табылды. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Содан кейін ол ата-анасына табысталады", – деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетсек, аутизмге шалдыққан Темірлан Ахмеджанов 14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық ұланы сарбаздары мен волонтерлер жұмылдырылған болатын.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар