Өскеменде жас жігіт жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болды
Өскеменде 23 жастағы жас жігіт жаяу жүргіншілер көпіріне шығып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, оның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 29 шілдеден 30 шілдеге қараған түні Спорт сарайының маңында болған. Оқиға орнына жедел жеткен ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары көпірге шығып, жігітке жетіп, онымен әңгімелескен.
“Адекватсыз күйдегі жігіт секіремін деп айқайлаған. Осы аралықта төтенше жағдайлар қызметі жігіттің көңілі ауған кезде оны ұстап алып, кейін сақтандыруға арналған құтқару құралдарын кигізді”, – деді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Нәтижесінде жас жігітті баспалдақпен түсіріп алып кетті.
Операцияға оқиға орнын қоршауға алып, құтқару арқанын ұстауға көмектескен полиция қызметкерлері қатысты.
Жігітті мән-жайды анықтау үшін ішкі істер органдарына жіберді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар