Басты жаңалықтар
Өскеменде мас мұғалімдер мектеп аумағында 17 жастағы бойжеткенмен жыныстық қатынасқа түспек болған
Әлеуметтік желіде мектеп аумағында жартылай жалаңаш жүрген мұғалімнің видеосы тарап кетті. Бейнебақылау камераларынан оның алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі екенін және жанында технология пәнінің мұғалімі мен 17 жастағы қыздың болғаны анықталды. Олардың барлығы мас болған. Қазір білім басқармасы видеоға қатысты тексеріс бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Білім басқармасының басшысы мұғалімнің есінде ештеңе жоқ екенін және болған жағдайды түсіндіріп бере алмағанын мәлімдеді.
"Екі педагог пен күзетші қызметтерінен босатылды. Бейнебақылау камераларында зорлық әрекеттері жоқ. Жазбадан қыздың мектептің бұрынғы оқушысы екені байқалады, алайда нақты емес. Құқық қорғау органдары жеке тұлғаларын анықтап жатыр", – деді қалалық білім басқармасының басшысы Сәуле Алагөзова.
Полицейлер ұсақ бұзақалық бойынша іс қозғаған. Үшеуіне не айыппұл салынады немесе 10 тәулікке қамауға алынады.
Ал білім басқармасының өкілдері қаладағы барлық педагогтар және күзетшілермен түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Алдағы уақытта білім беру мекемелерінде күзет күшейтіледі.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған