Өскеменде көпқабатты үйде газ жарылды (видео)
Өскеменде көпқабатты үйде газ жарылып, бір адам жарақат алды. Жарылыс салдарынан бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейін терезелер сынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, газ-ауа қоспасы жарылған. Оқиға 30 мамыр күні көпқабатты үйдің бесінші қабатында болған.
Жарылыс салдарынан ғимараттың бірінші қабатынан бесінші қабатына дейін барлық терезелер сынған. Сонымен қатар екі пәтердегі бөлме арасындағы қабырғалар қираған.
"Ауыр жағдайда 1989 жылы туған ер адам жеткізілді. Ол пәтерде жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері пәтерден тұрғындарды эвакуациялады", – деді құтқарушылар.
Қазір оқиға орнында 25 құтқарушы мен 7 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған