Өскеменде азаптап өлтірілген ағайындылардың анасы болған жайтты баяндап берді
Қара жамылған отбасының айтуынша, күдіктілер марқұмдарды кездесуге шақырып, қала сыртына шығарып атып тастаған. Ағайындылардың мәйіттері тек төртінші күні табылып отыр,-деп жазды КТК арнасы.
Оның өзі әділдік таппаған туыстары әлгілердің аттарын әлеуметтік желіге жариялаған соң мүмкін болыпты. Күдіктілердің шендері өз алдына, бірінің әкесі облысқа белгілі судья екен.
Қос бірдей азаматынан айырылған отбасы құзырлы орган атаулыға қарғыс жаудырып отыр. Сапар Әшетаев пен Айбек Қанжекеновты қызмет бабын желеу еткен 4 жігіт үйінен әкетіпті. Полиция куәлігін көрсеткен соң жақындары да жамандық күтпеген.
«29-шы наурыз күні балам аман-есен үйден шыққан болатын. Оны Сахариев Ернар түнде кездесуге шақырған Кішітудың алдында кездесейік деп. Еш қамсыз балам Сапарға барып, Ернардың оны шақырып тұрғанын айтқан»,- марқұмдардың анасы Ғалия Наушебаева
Алайда, ағайындылар сол күйі оралмады. Полиция ертіп кеткендерден бірнеше күн хабар болмай, тек төртінші күні мәйіттері табылған. Сөйтсе, әлгі төртеу оларды қала сыртындағы Шешек тауына апарып атып тастапты.
Белгілі болғандай, 28 жастағы Жоғары соттың қызметкері өзі секілді шенді жолдастарымен алдын-ала келісіп, әлгі жігіттерден осылай кек алған. Кейін мәйіттерін көлігіне тиеп, Астана тас жолындағы дәретханаға тастаған.
«Полиция атына кір келтіргені үшін Мұсабаев Талант қызметтен қуылды. Қылмысты жасаған Жоғары соттың қауіпсіздік қызметкері Ернар Сахариев те жұмыстан шығарылды. Төрт күдікті қамауда отыр. Қылмысқа қатысты күдіктілер бір-біріне туысқан. Қазір арнайы құрылған тергеу тобы олардан жауап алып жатыр»,-дейді ШҚО прокурорының орынбасары Нұрлан Бижанов.
Прокурор айтқандай, күдіктілер кілең шенділер. Бірі – Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының офицері, енді бірі – облыстық соттың қызметкері. Ал ағайындыларды аңшы қаруымен атып салған басты күдікті–анау-мынау емес судьяның баласы. Әріптесінің ұлын небәрі 5 ай бұрын жұмысқа алған Жоғары соттағылар оны бірден қызметтен қуған. Артынша іле-шала әкесі де отставкаға өтініш жазыпты.
«Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Төкен Сахариевтен отставкаға кету жөнінде өтініш түсті. Қазір оның арызы қаралып жатыр. Ал Ернар Сахариев, енді біздің қызметкер емес»,-деді ҚР Жоғары сотының баспасөз хатшысы Болат Кальянбеков
Қанды қылмыс бойынша тергеу енді басталды. Істі бірден бірнеше құзырлы орган жүргізіп жатыр. Күдіктілердің әзірге тек біреуі қылмысты мойындап, қалған үшеуіне «дер кезінде хабарламағаны үшін» деген айып тағылған.
Десе де, қаскөйлер аңшы қаруынан бөлек табельдік тапаншаны да пайдаланған болуы мүмкін. Қылмыс кезінде қарап тұрған полицейдің қызметтік қаруын прокуратура тәркілепті. Ал марқұмдардың артында 5 бала қалды. Үлкені 3-те, кішкентайының дүниеге келгеніне небәрі 10 күн болған.
Оқи отырыңыз:
Оқи отырыңыз:
Полицей тікелей эфирді тоқтатып тастап бұзақыны тұтқындай жөнелді (видео)
Португал футболшысы аяғымен төрешінің басынан теуіп нокаутқа түсірді (видео)
Тайванда бикини киген даяшылар мейрамхананың атағын шарықтатып жіберді (видео)
5 жасында жоғалып кеткен балақай 25 жылдан соң өз анасын іздеп тапты (фото, видео)