Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде әйелін қызғанған еркек кіреберісте ер адамды атып кетті (видео)

Шығысқазақстандық полицейлер Өскеменде адам өліміне әкеп соқтырған атыс жасады деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Кадрдан алынған скриншот

ШҚО ішкі істер басқармасының хабарлауынша, 13 қаңтар күні Өскемен қаласының 102 арнасына қоңырау түскен. Хабарласқан адам, кіреберістердің бірінің жанында ер адамның қансырап жатқанын айтқан. Оқиға орнына келген полицейлер, оқ жарақатынан қаза болған ер адамның денесін тапты. Тәртіп сақшылары күдіктіні 10 минуттың ішінде ұстады. 

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтыны атап өтілген.

Ал азаматтарды қорғау қорының өкілі Артур Абдулкадыровтың мәліметінше, түс ауа атылған адам 1990-шы жылы туған.

"Алдын ала дерекке сүйенсек, оқ мойын мен иектің маңайына тиді. Осы жайтқа байланысты 1997 жылы туған тұрғын ұсталды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 2000 жылы туған жұбайына деген қызғаныш осыған себепші болды", – деді ол.

Алайда полиция бұған қатысты мәлімет айтпады. Қазір аталған фактіге сәйкес қылмыстық Кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Buqara_news_ (@buqara_news_)

Талқылау