Өскемен тұрғыны электрмобиль сатып алып, ірі шығынға ұшырады

Өскеменде жаңа сатып алынған гибридті көлік өртке оранып, салдарынан екі автокөлік, гараж және тұрғын үйдің бір бөлігі жанып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласынан 29 миллион теңгеге гибридті көлік сатып алған Өскемен тұрғыны күтпеген жағдайға тап болды. Қымбат көлік бірнеше күннен кейін өртеніп, соның салдарынан ірі материалдық шығын келтірілді.
Оқиға иесінің айтуынша, ол көлікті 20 сәуір күні Алматыдан айдап келген. Осы уақыт аралығында небәрі 1000 шақырым жүрген. Алайда арада аз уақыт өткенде, сейсенбі күні көлік гараж ішінде кенеттен өртенген.
Өрт салдарынан гибридті Lynk&Co көлігі толықтай жанып кеткен. Сонымен қатар гаражда тұрған тағы бір HAVAL H6 маркалы автокөлік, гараждың өзі, құрал-саймандар және жекеменшік үйдің бір бөлігі де отқа оранған.
Көлік иесі өрттің шығу себебі ретінде электромобильді атап отыр. Оның сөзінше, тілсіз жау дәл осы көліктен басталған.
"Гибрид көлік сатып алмаңыздар", – деп ескертті ол әлеуметтік желіде жарияланған видеода.
Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Zeekr компаниясының электромобильдеріне қатысты мәселе көтерілгенін жазған едік. Енді бренд аккумулятордағы ақауға байланысты Zeekr 001 моделінің 38 мыңнан астамын Қытайда кері қайтарды.
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Оқыңыз