Geely жанармай багындағы ақауға байланысты мыңдаған көлігін кері қайтарып жатыр

Қытайлық Geely автоконцернінің Ресейдегі ресми өкілі – "Джили-Моторс" компаниясы жанармай багының деформациялану қаупіне байланысты 2023 жылғы 1 қарашадан 2025 жылғы 6 қыркүйекке дейін сатылған 17,6 мың Geely Emgrand автокөлігін кері қайтарып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Хабарламада көрсетілгендей, 2023 жылы 1 қарашадан 2025 жылы 6 қыркүйекке дейін сатылған 17 590 Geely Emgrand автокөлігі кері қайтарылады. VIN-кодтары қосымшада көрсетілген.
“Қозғалтқыш ұзақ уақыт жұмыс істегенде және өте сирек жағдайларда жанармай багы деформациялануы мүмкін. Соның салдарынан жанармай сорғысының бөлшектері бактың ішкі бетіне тиіп, оны зақымдауы ықтимал”, – деп мәлімдеді Росстандарт.
Ведомствоның түсіндіруінше, бұл ақаудың себебі – жанармай құю мойнындағы қақпақтың желдету клапанының дұрыс жұмыс істемеуі. Бұл жүйеде вакуум пайда болуы, салдарынан жанармай сорғысы мен бактың деформациялануы мүмкін.
Егер кері қайтарылып жатқан көліктердің жанармай багынан зақым анықталмаса, онда бактың мойны, адсорбер және адсорбердің желдету түтігінің жөндеу жиынтығы ауыстырылады.
ОқыңызАл егер бакта зақым болса, онда бак қақпағы, адсорбер түтігінің жөндеу жиынтығы, адсорбер, жанармай багы, жанармай сорғысы (датчикпен бірге) және тығыздағыш сақина толық ауыстырылады. Барлық жұмыс тегін жүргізіледі.
Ал Geely Kazakhstan әзірге бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды