Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Осымен екінші рет: Түркістан облысында ер адам кейуананы тірідей өртеп жібермек болды

Түн ортасында белгісіз азамат қарт кейуананың үйіне баса-көктеп кіріп, оны тірідей өртеп жіберуге әрекеттенді. Сұмдық жағдай Қарабұлақ ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Отырар» басылымына сілтеме жасап.  

қария

Түн ортасында белгісіз азамат сексеннің сеңгіріне шыққан қарт ананы үстіне жанармай құйып, тірідей өртеп жібермек болып талпынған. Жанұшыра көмек сұраған әжейдің дауысын жанында жатқан немересі естіп, көмек көрсеткен.

Адам нанғысыз оқиға ағайын-туыс пен көрші-қолаңды аяғынан тік тұрғызған. Өткен жылы да қарт әжейдің басынан дәл осындай жағдай орын алыпты. Оқыс оқиға орын алған сәтте көпшілік бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне қоңырау шалған. Сол күні сағаттап күттірген жедел жәрдем жетіп, қарт ананы аурухана әкетіпті.

Алайда өкініштісі сол, жаны қиналған жанға алғашқы көмек көрсетудің орнына, үйлеріңе қайта беріңдер деп кеңес берген. Көз жасын көл еткен көпбалалы ана полиция қызметкерлері таңертең келді деп шағымын айтты.

Орын алған оқыс оқиғаны тәртіп сақшылары бақылауға алды. Олар сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ағайын-туыс тілсіз жаудың қасақана қойылғанына сенімді.

Талқылау