"Осы ауызбіршіліктен айырмасын": Жұлдыз Әбдукәрімова ата-енесіне арнап қоныстой жасады

Танымал әнші Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз Әбдукәрімова Астанадағы жаңа үйіне қоныстой жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қоныстойдың қуанышты сәттерін Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Қоныс тойдың басын үлкендер ашып берді. Бұйырса, енді кезек-кезегімен бәріңізді шақырамын”, – деп жазған ол.
Кадрлардан Жұлдыздың қонақтарға жаңа үйді көрсетіп жүргені көрінеді. Қонақтардың арасында Нұртас және Гүлзира Адайбековтер, ортаншы келіні Айгерім, Жұлдыздың ата-анасы және өзге де туыстар бар.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Желі қолданушылары Жұлдыз Әбдукәрімованың ата-енесімен жылы қарым-қатынасына тәнті болып, жарыса пікір қалдырып жатыр.
“Осы кісілердің бәрі бірге араласып жүргенін көрсек, өз туысымыз тату жүргендей қуанатын болдық”, “Сіздерді бірге көріп, бүкіл Қазақстан қуанып отырған шығар”, “Жұлдыз ең алғашқы қоныстойды ата-енесіне жасады, баталарын алды. Құтты болсын, іші жанға толсын”, “Осы ауызбіршіліктен айырмасын, қуанып қаламыз”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз бен оның ата-анасын қонаққа шақырғаны хабарланған еді.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты