“Адамдарға менің семіздігімнің кесірінен күтуге тура келді. Тіпті менің жаныма ешкім отыра алмады. Бұл дұрыс болмады. Мен өзгеруді ойладым”, – дейді Тони.
Ол бір адамға орын жетпей қалғандықтан арытқауды жөн көрді.
“Мен бәрін ойладым: “Біреудің әйелі, біреудің күйеуі оларды отбасында күтіп отырған шығар. Ал оған менің семіз болғаным үшін күтуге тура келді”. Бұл маған қатты әсер етті”, – дейді ол.
Тони эвакуциядан кейінгі күні арықтауды бастап кетті. Сол үшін ол алдымен тамақтану тәртібін өзгертті: еттен бас тартып, картоп фриін көкөніске ауыстырды. Және көп қозғалатын болды.
“2 жыл бұрын тіпті, өз көлігімен дейін әрең жетіп, ішіне әрең отыратынмын”, – дейді Тони.

Тони өзінің оқиғасы басқаларға да әсер еткенін қалайды.
“Бұрын менде мұндай боламын деген үміт те болған жоқ . Мен тек өлуімді күтетінмін. Бірақ, мүмкіндік бар екен. Арықтай бастағанда 41 жаста болдым. Егер менің қолымнан келсе, демек барлығының қолынан келеді”, – дейді Тони.
Тағы оқыңыз:
Адамның орнын роботтар қашан басатыны белгілі болды
Дәмді тағамның иісін сезген піл туристер мінген көлікті аудара жаздады (фото)
Сот кофе ішетіндерге қатерлі ісік қаупі туралы ескертуді тапсырды