Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өртке оранған хостелде тұрған студенттердің қай жоғары оқу орынында оқығаны айтылды

Алматыдағы хостелде шыққан өрттен қаза тапқан қазақстандықтардың Алматыға қай аймақтардан келгені белгілі болды. Оларды Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Айбат Мұрзамадиев тізіп шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жатақханадағы өрт салдарынан 13 адам қаза тапты - 9 қазақстандық, 2 Өзбекстан азаматы және 2 Ресей азаматы.

Мұрзамадиевтің айтуынша, қаза тапқан қазақстандықтар Шымкент, Түркістан облысы, Ақтау, Маңғыстау облысы, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы, Қызылорда және Жетісу облыстарынан. 

Бұл ретте Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметі бойынша жатақханада 72 адамның 12-сі Алматының келесі жоғары оқу орындарының студенті болған:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
Асфендияров атындағы ҚазҰМУ;
Спорт және туризм академиясы;
Энергетика және коммуникациялар университеті;
Каспий университеті;
Құрманғазы атындағы консерватория.

Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Қажденбектің айтуынша, студенттер бұл жатақханаға өз бетінше орналасып, баспанаға мұқтаж екенін университеттеріне жеткізбеген.

Айта кетейік, жатақханадағы өрттен кейін төтенше жағдайдың себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Өртке байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қылмыстық кодекстің 292-бабы "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау