Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өрттен зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетіледі - Қостанай облысының әкімі

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхабетов пен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрттен зардап шеккен адамдармен кездесті. Қазіргі таңда орман өртіне байланысты арнайы комиссия құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша өрттен зардап шеккен барлық азаматтарға көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әкім Архимед

Облыс әкімі мен төтенше жағдайлар министрі Әулиекөл ауданының Аманқарғай ауылындағы өрттен зардап шеккен азаматтармен кездескен.

"Осы уақытта 1 841 адам эвакуацияланды: Озерное ауылы (250 адам) мен Аманқарағай ауылының солтүстігінен (1000 адам), Калинино ауылынан (228 адам), Лесное ауылынан (363 адам). Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл ауылының орта мектебі мен мектеп-интернатына орналастырды. Шұғыл желі іске қосылып, төтенше жағдайлар мен психологтардың және медицина мамандарының көмегі ұйымдастырылды. Арнайы комисия құрылды. Өрттен зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетіледі", – деді өңір басшысы.



ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, 4 қыркүйек сағат 00:00-де жағдай тұрақты және бақылауда.

"Өртенген аумақ әзірге 9 мың гектардан асады. Әлі аумақты тікұшақпен барлап, аэроғарыш түсірілімдері алынады. Жақын маңдағы елді мекендерден адамдар эвакуацияланды. Ешкімге зақым келген жоқ", – деді Юрий Ильин.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев өрт салдарын жоюға қаржы бөлуді тапсырған еді. 

Талқылау