"Орынға таласқан": Астанада орталық мешітте жұма намазының алдында қақтығыс болды
Фото: Видеодан скрин
Астана орталық мешітінің әкімшілігі екі жас жігіт арасында жанжал болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мешіттің хабарлауынша, 9 мамыр күні жұма намазының алдында жас жігіттер арасында намаз қатарындағы орын үшін жанжал шыққан.
“Жұма намазына келген екі жігіттің арасында қай жерде отыруға байланысты түсінбеушілік туындады. Жағдайды сабырға шақырған мешіт қызметкері шешті. Жақында ислам құндылықтарын қабылдай бастаған жастарға исламның бейбітшілік діні екені, мешіттің жер бетіндегі Алланың үйі, ешқандай дау-дамай болмайтын ғибадат орны екендігі айтылды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада Қадір түнінде мешітке жиналған жұрт тегін тамаққа таласқаны туралы жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған