"Ордабасы" командасының Чемпиондар лигасында кімге қарсы ойнайтыны анықталды
“Ордабасы” футбол клубының Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ордабасы ФК
Ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген бастаған шымкенттік команда Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің 3-тобына түсті. Еленбеген команда саналатын Александр Седнев шәкірттері алғашқы матчты өз алаңында қабылдайды. Қазақстан чемпионының алғашқы қарсыласы молдовалық "Петрокуб" болады. Сондай-ақ "Ордабасының" ықтимал қарсыластарының ішінде "Лудогорец" (Болгария), "Стяуа" және армениялық "Пюник" командасы бар.
Айта кетейік, "Ордабасы" футбол клубы өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының іріктеуінде ойнайды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді

