"Орамалмен теледидарға шығуға рұқсат жоқ": Сара Тоқтамысова қиындыққа тап болғанын айтты
Белгілі айтыскер ақын Сара Тоқтамысова орамал таққалы қандай қиындыққа тап болғанын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің айтуынша, орамал таққалы қоғам пікірі екіге бөлінген.
“Бүгін бір ағамыз: “Басыңдағы орамалың үшін құрметтеймін” деді. Өткенде бір кісі телевидениеден хабарласып: “Сізді бағдарламаға шақырайық деп едік. Орамалыңызды шешіп келесіз бе?” дейді. “Неге” деппін сасқанымнан. Телевидениеге орамалдыларға рұқсат жоқ” дейді. Алланың парыз еткенімен Алладан қорықпайтындар ғана алысады-ау” деп күрсіндім де қойдым”, – деп жазды айтыскер ақын.
-
"Тұңғышымызды 4 жыл күттік": Сара Тоқтамысова тұрмыс құрған кезін есіне алды
-
Заң шықты деп әйелдер күйеулерін халық жауындай ұстап беріп жатыр – Сара Тоқтамысова
Еске салайық, айтыс майталманы орамал тағатын сіңлілеріне үндеу жасап, тәртіпке шақырғанын жазған едік.
"Орамал тақтың ба, соған сай бол! Орамал тақтың ба, сөзіңе ие бол! TikTok-та немесе Instagram-да отырып алып, аузыңа келгенді айтып, балағаттап, кім көрінгенге жеккөрінішті болма. Орамал тақтың ба, өзіңе ие бол! Секең-секең етіп, әржерде билеп, шошаң-шошаң етіп, дөрекі мінез көрсетіп, қаншама жаулық таққан жандардың арына сын келтірме. Орамал тақтың ба, біреуді алдама, біреуді арбама! Себебі орамал – сенің абыройың”, – деген еді ақын қыз.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме