Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орамалым үшін қатыстырмайды": Мөлдір Әуелбекова сахнадан шеттетілгенін растады

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова сахнадан кеткісі келетінін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Өнер иесі кейінгі кезде орамал тағып, намазға жығылған еді. 

“Мені орамалым үшін телевизиялық жобаларға және көптеген концерттерге қатыстырмайды. Енді, ойланып жүрмін, үлкен сахнаның бір бұрышын маған қимай жүргендерге, өзім-ақ сол сахнаны босатып бере саламын-ау…🥹Мен қатысып жүрген бір ғана жоба бар, ол – Cover show! Себебі Мейрамбек Бесбаев ағам шын таланттарды ештеңеге қарамастан қолдайды. Рақмет, жан ағам, ән ағам”, – деп жазды әнші. 



Тыңдарман қауымның пікірі екіге жарылды. Бірі өнер иесін орамалы үшін сөксе, енді бірі әншілікті тастамауын өтінді. 

“Орамал жараспайды, әніңді айтып жүре бер”, “Даусыңыз керемет еді, өнерді тастамаңыз”, “Сәкеннің әйелі сияқты орамал тағу керек, сендердікі – арабтану”, “Демократия жоқ. Заң жүзінде құқығымыз қорғалмаған”, “Сахнаның тәртібіне бағыну керек”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, "Жаңа отауымның төрінде жарқырап тұрады" деп Мөлдір Әуелбекова жақсы жаңалығын бөліскен еді.

Талқылау