Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдық жігіт шымкенттік науқас қызға бір бүйрегін беріп, өмірін арашалап қалды

Оралдық азамат Оралдан келіп науқас қызға өз бүйрегін берді. Ота сәтті аяқталды.

Бұл туралы “Қайырымды жандар” тобының жетекшісі Мәулен Әлғазы желідегі парақшасында.

“Өткен посттарда екі бүйрегі жұмысын тоқтатқан шымкенттік Жәмила қарындасымызға соноу Оралдан келіп, бір бүйрегін сыйлауға бел буған қазақтың оғлан ұлы Абзал жайлы жазған ек.

Аллаға шүкір, бірнеше ай күткен операция қасиетті жұма күні жасалып, Жәмила жаңа бүйрекпен оянды! Ел тілеуі қабыл болды!

Ырымшыл қазақпыз ғой, Жәмила мен Абзал операциядан оянған соң бірақ жариялаймыз деп шешіп ек. Аллаға мың сан шүкір, екеуі де дін аман, сенбіде жан сақтау бөлімінен жалпы палатаға ауысыпты.

Жәмиланың анасы Құрманкүл әпкеміз қуаныштан жылап жүр. “Өз баламдай боп кетті, кеше ғана көз алдымда жүгіріп жүрген Абзалым жүре алмай, кереге жағалап келе жатқанын көргенде жүрегім ауырып кетті” – дейді.

Айтқанындай Абзал осы кісілердің өз ұлындай боп кеткен. Бірнеше айдан бері қасында жүрді. Кейін толық айтып береміз.

Бүгін жол түсіп Абзалдарға ауруханаға соққанбыз. Абзал сәл әлсіреп тұр демесең, баяғы қалпы! Көңілді қалпынан таймаған, қалжыңдары өз орнында! Жәмила да жақсарып келе жатыр дейді.

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын деген. Ал бүгінше сүйінші жаңалықтың байғазысын дайындай беріңіздер! Оны Алматы ҚЖ тобының 8 701 911 02 02 нөмірі киви шотына салып, комментарий бөліміне “Байғазы (Аты-жөніңіз) деп жазсаңыз болды. Жиналған қаржыны Жәмила мен Абзалға тең бөліп, қайтар жол қаржысын болса да қамтамасыз етсек пе деген тілек бар!”, – деп жазады ол.

Жіберіп алмаңыз:

Петропавлда полицей әйелді зорламақ болған ер адамнан құтқарып қалды

Анасының даусын алғаш естіген құлағы керең нәрестенің қылығы көпшілікті жылатты (видео)

Ислам Каримовтың қызы ешкім күтпеген суретін жариялады

Америкалық мейрамханада «елесті» видеоға түсіріп алған (видео)

Талқылау