Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдық азамат енесін атып өлтіріп, қайын атасын жарақаттаған

Бейсенбі күні кешке таман Орал қаласы «Құрылысшы» ықшамауданының маңында атыс болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Оралдық азамат енесін атып өлтіріп, қайны атасын жарақаттаған

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова жедел жәрдемнің сағат 20.24-те шақырылғанын және оқиға орнына үш минут ішінде келгенін айтты.

«Оқ тиіп, жарақат алған 60 жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен. Сондай-ақ, 1951 жылы туылған ер адам ауруханаға жеткізілді. Ішіне оқ тиген азаматқа 6 сағат бойы ота жасалды. Науқастың жағдайы ауыр», – деді Айнагүл Сақпосынова.

Куәгерлердің айтуы бойынша, жас жігіт енесін атып өлтіріп, қайын атасын жарақаттаған.

Қазіргі уақытта қанды оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Бұл өтірік өмірден шаршадым: Жамбылда өз үйінде асылып өлген ревизордың әйелі күйеуінің ақырғы хатын оқып берді

Ақмола облысында ескерткішке қойылған гүл шоқтарын бірнеше сағаттан кейін қайта алып кеткен 

Астанада екі сәби көмірқышқыл газына уланып ауруханаға түсті

Ақмола облысында математика пәнінің мұғалімі жалған дипломмен физикадан сабақ берген

Талқылау