Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балмұздақ таяқшасымен қазса, опырылып жатыр: Оралдықтар жаңа асфальттың сапасыздығына наразы (видео)

Орал тұрғындары жаңадан салынған асфальттың сапасыздығына наразы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зачаганск ауылының Гринько көшесінің бойндағы жаңа төселген асфальтті ер адамның қазып жатқан бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті. Ол осы әрекеті арқылы жолдың сапасы қаншалықты нашар екенін көрсеткісі келген. 

Бейнежазба авторы асфальтті балмұздақ таяқшасымен қазып отыр. Бұл туралы Зачаганск ауылының әкімдігі пікір білдірді. Олар жолдың сапасына асфальт төсеген мердігер «Евразияжол құрылысы» ЖШС жауап беретінін айтты. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Читатель прислал вот такое видео🦄

Публикация от Типичный Уральск (@typicaluralsk)

"Біз бұл мәселені қарастырдық. Асфальт кеше кешкісін жұмыс уақытынан кейін төселген. Ол уақытта әкімшіліктен қадағалау керек маман болмаған. Бүгін ақауға қатысты акт толтырылды, мердігер көшедегі асфальтты өз қаражаты есебінен ауыстыруы керек", - деді Зачаганск кенті әкімінің орынбасары Асылжан Хайруллин.

Аудан әкімінің орынбасары мердігер компанияның ауылдағы үш көшені жөндеуден өткізгенін қоса атап өтті. Оның айтуынша, бұған дейін ұйым тарапынан мұндай олқылықтар байқалмаған.

Талқылау