Оралдағы балабақшада шкаф құлап, төрт бүлдіршін мен тәрбиешіні басып қалған
Оралдағы балабақшада шкаф құлап, төрт бүлдіршін мен бір тәрбиеші зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 1 ақпанда Орал қаласының Солтүстік-Шығыс шағын ауданында орналасқан "Сәби" балабақшасында болған. Жедел жәрдем қызмтіне қоңырау таңғы сағат 11:30-да түскен.
"Шкафтың құлауы салдарынан 5 адам зардап шекті, оның төртеуі бала. 1976 жылы туған әйел қалалық көп бейінді ауруханаға жеткізілді. Оған амбулаторлық бақылау тағайындалды. 2018 жылы туылған қыздарда кеуде-бел аймағының жұмсақ тіндері, оң қолдары мен білектері көгерген", – делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Бүлдіршіндер дәрігерлердің тексерісінен кейін жағдайлары қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне қайтарылған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"