Оралда мас жасөспірім қыз бесінші қабаттан құлап кетті
Оралда жасөспірім қыз бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін таңмен "Құрылысшы" шағынауданындағы 9 қабатты үйде болды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2004 жылғы қыз бесінші қабаттың терезесінен кіреберістің үстіне құлаған.
Бұл дерек жазатайым оқиға ретінде тіркелді, қыз қазір ауруханада. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 04.16-да шақырылды.
Алдын ала мәліметке қарағанда, жасөспірім жабық бас-ми жарақатын алған. Іші, кеуде тұсы зақымданған. Көптеген қабырғалары, жіліншігі сынған. Мас күйінде болған қыз облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген