Оралда Швеция азаматына 690 мың теңге айыппұл салынды
"Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Швеция азаматшасын Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы мен Швецияның қос азаматтығы бар 57 жастағы әйелді ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі бойынша Швеция азаматшасы 200 АЕК (690 000 теңге) сомасына әкімшілік айыппұл түрінде жауапқа тартылды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған