Оралда сегіз адамның өмірін қиған жол апатының видеосы жарияланды
Оралда сегіз адамның өмірін қиған жол апатының видеосы жарияланды, деп хабарлайды “Мой город” порталы.
Жол апаты 18 шілдеде 02:45 шамасында VenOil жанармай бекетіне қарама-қарсы жерде болған. Nissan (көлікте тек жүргізуші болған) мен Lada (көлікте 5 ересек пен 2 бала болған) көліктері соқтығысқан.
"Nissan көлігінің жүргізушісі басып озу кезінде жолдың қарсы бетіне шығып, Lada көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам мерт болып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді", – деді жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Константин Недопекин.
Енді жол апатынан кейін патрульдік полиция шақырудың керегі жоқ: Президент тиісті заңға қол қойды
Ауруханада Nissan автокөлігінің жүргізушісі мен 10 және 13 жастағы балалардың жан тапсырғаны белгілі болды.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды