Оралда айналма жолдағы жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам көз жұмды
Оралда айналма жолда жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды. Олардың екеуі балалар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Жол апаты 18 шілдеде 02:45 шамасында VenOil жанармай бекетіне қарама-қарсы жерде болған. Орал жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Константин Недопекиннің сөзінше, Nissan (көілкте тек жүргізуші болған) мен Lada (көлікте 5 ересек пен 2 бала болған) көліктері осқтығысқан.
"Nissan көлігінің жүргізушісі басып озу кезінде жолдың қарсы бетіне шығып, Lada көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам мерт болып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді", – деді капитан Недопекин.
Кейін ауруханада Nissan автокөлігінің жүргізушісі мен 10 және 13 жастағы балалардың жан тапсырғаны белгілі болды.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды